Дұрыс амал қылайық.
Дұрыс амал қылайық.


- «Өмір өтіп бара жатыр» деп жиі налимыз, бірақ жүрегіміздің түбіне терең үңілсек, сол өмірдің шынымен өтіп бара жатқанына өкініш таппаймыз.
- Қолымыздағы 100 теңге садақа үшін беруге көптік етеді, ал «сол 100 теңгеге базарға барып сауда жаса» десе күлкіміз келеді.
- Бір күннің бір жарым сағатын құлшылыққа арнауды қиынсынамыз, ал 90 минут болатын футболдың қызықты өткені соншалық, қалай аяқталғанын байқамай қаламыз.
- Футболда қосымша уақытқа келгенде көгілдір экранға кіріп кете жаздаймыз, ал рамазан айындағы қосымша құлшылықтарды көпсінеміз.
- Дұға жасап жатқанда сөзге сараң боп қаламыз да, ал біреу жайлы өсек айтқанда аузымызға тоқтау таба алмай қаламыз.
- Құраннан бір пара оқуды көп көреміз, алайда «Жұлдыздар отбасын» оқығанда 30 беттің аз уақытта аяқталып қалғанын байқамай қаламыз.- Концерттік бағдарламаларға барғанда алдынғы қатарға отыруды қатты қалаймыз, бірақ мешітте соңғы қатарлардан орын алуға тырысамыз.
- Жұма намаздарына барғанда имамның аузынан естіген уағыздарымызды өзгелерге жеткізуді жөн деп білмейміз, бірақ ел аузында жүрген өсек-аяңды теріп әкеп, дастарқан басында шашып саламыз.
- Күнделікті сериалдардың басталуын сабырымыз таусылып тұрып күтеміз де, ал намаз уақыттарының өтіп бара жатқандығына алаңдамаймыз.
- Өмірдің өткінші екенін ойлап, өлгіміз келмейді, солай бола тұра жұмаққа кіруді армандаймыз.

 

SABR90KZSABR90KZ
5 жыл бұрын 2561
1 пікір
Блог туралы
0
2293 11 34 11 15