Түс
Түс

Түс туралы аталған кітаптан мәліметтер ұсынамыз. Ұйқы – Аллах тағаланың өз пенделеріне нәсіп еткен үлкен нәсібесі болып табылады. Сол себепті жуынып-шайынып, дәрет алып, таза киім киіп, хош иіс сулар себініп, ұйықтар алдындағы оқылатын дұғаларды айтады. Адам баласына «Ықылас», «Фалақ», «Нас» сүрелерін оқып, алақанына үрлеп дем салып, артынан «Аятулкурсиді» қайталап, он жақпен ұйқыға жату – сүннет. 
Жақсы, жаман түске қайыр садақа берілуі тиіс немесе түс көрген адамның өзі жақсылығын Аллах Тағаладан тілеуі қажет. 
Ислам ғұламалары хадистерде түс туралы мынадай үш түрлі мәліметтерді келтіреді:
1.    Рахмани түстер – Аллах Тағала тарапынан періштелер арқылы 
ұйықтап жатқан адамның рухына илхан (білдіру) етілетін түстер. Бұл түстердің хақ екендігіне сенген абзал. Түс туралы Құран Кәрімде «Саффат», «Фатах» сүрелерінде айтылады.
2.    Шайтани түстер – адамның түсінде биік жерден құлауы, ит-мысыққа 
талануы, қым-қуыт нәрселердің арасында жүруі, түсініксіз нәрселерді көруі, құбыжықпен арпалысып, шошып оянуы, аяғы тайып кету сияқты шайтанның әсерімен болатын зиянды түстер. Осы тектес түстерді көрген адам «Аъузу биллаһи...» үш рет оқып, басқа бүйіріне ауысып жатуы керек.
3.    Қияли түстер – адамның күні бойына бір нәрсені көп ойлануынан 
немесе қиялға берілуі нәтижесінде күнделікті оқиғалардан, тіпті кейде қиыншылық пен аурудың әсерінен көрінетін түстер. Бұл іспеттес түстер тән мен мидың саулығына, жақсы, таза ойларға байланысты көрінеді. 
Түс жору тек Жүсіп Пайғамбарға берілген. Бұл туралы Құрандағы «Жүсіп» сүресінен оқып-білуге болады. Кезінде Жүсіп (а.с.) әкесіне: «Әкетайым! Рас, мен түсімде он бір жұлдыз және күн мен айдың маған сәжде қылғанын көрдім», - дейді. Сонда әкесі: «Әй, балақайым! Түсіңді туыстарыңа айтпа! Саған бір айлакерлік жасар. Расында, шайтан адам баласына ашық дұшпан», - деп ескертеді (12-сүресі, 4-5 аят).
Жоғарыда келтірілген қасиетті Құрандағы «Жүсіп» сүресінің мәні төмендегідей еді. Жүсіп Пайғамбардың түсінде көрген он бір жұлдыз – оның бірге туған бауырлары болса, ай мен күн деп отырғаны – әке-шешесі екен. Бұл Аллаһ Тағаланың Пайғамбарлық дәрежені түсінде сездіру белгісі болатын. Ал оны өзгелердің білмеуін өтінгенде, әкесі ібіліс ұрпақтарын арбауынан ұлын сақтандыруға тырысқан еді. 
Аллаһ елшісі (с.а.у.) «Кісі түсін өзі жақсы көретін парасатты кісіге не абыройлы жанға айтсын. Ол жақсы сөз айтып, жақсыға жорысын» деп, түсті кез-келген адамға жорытудың дұрыс еместігін білдірген. Өзі ұнатпайтын жанға жорытса, оны жоруы түс көрген кісіні ренжітуі ықтимал екендігін басқа хадистерінде айтып өткен.
Сахабалар көрген түстерін Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп айтатын болған. Ибн Омардың риуаят етуімен Бұхаридың жеткізуіне қарағанда, Пайғамбарымыз ондайда «Машаллаһ» дейтін болған.

SABR90KZSABR90KZ
5 жыл бұрын 4967
0 пікір
Блог туралы
0
2293 11 34 11 15