ЖЫНДАР КІМДЕРГЕ ЗИЯНЫН ТИГІЗЕДІ БІЛІП ЖҮРЕЙІК.
ЖЫНДАР КІМДЕРГЕ ЗИЯНЫН ТИГІЗЕДІ БІЛІП ЖҮРЕЙІК.

Халық арасында, «Қарап отырып аурып қалды, албаcты сөйлеп жынданып жатыр, жын соғып кетіпті» дегенді көп естиміз. Жуықта жын жұғысып (қазақша айтқанда жын соғып) ауырған бір адамды туыстары білместікпен: «ойбай, пәленшекеңе қасиет қонғалы жатыр, біздің тұқымда бұрын әулиелер болған екен, соның әруағы аян беріпті-мыс» деп, күллі бір әулет адасып-шатасып отырғанына куә болдық.

Жындар адамдармен араласып өмір сүріп жатыр. Олар оттан жаралған. Кез-келген жай адамның көзіне көріне бермейді. Бұларды рухани жағынан мұсылман немесе кәпір деп бөлсе, табиғаты жағынан еркегін – жын, ұрғашысын – пері деп атайды. Имансыз жындар адамдарды азғыратын болғандықтан шайтан деген атқа ие. Ал аты шулы, қарғыс атқыр Ібіліс барлығының атасы. Оған ақырзаманға дейін өмір берілген, содан кейін оны тозақ күтіп тұр. Жындар адамдарға қарағанда ұзақ өмір сүргенімен (200-300 жыл) бәрібір өледі.  Жындарда   бір Аллаға иман келтіріп, мұсылман болған күйде өліп, жаннатқа түсу мүмкіндігі бар. Жын атасы Ібілісте ондай мүмкіндік жоқ.

Кейбір жындарда керісінше Ібіліске еріп, тозаққа түсу қауіпі де жоқ емес. Мұсылман жындар пайғамбарымыз Мұхаммедке: «біз адамдарға ешқандай зиян (азғыру, жақындау, жұғысу, адамның ішіне кіру… т.б.) тигізбейміз, бірақ адам баласы білместікпен өзі тиіссе, сол үшін кек алуымыз  мүмкін» деп уәде берген. Кәпір жындар керісінше адам баласына әртүрлі бағытта зиян келтіреді. Олар бүкіл адамзат баласын жаппай азғырып,  кез-келген жерде күнә істетіп, күнәһәр болуын қалайды. Ол үшін жер бетіндегі барлық жаман істерді пенденің көзіне әдемілеп, жақсы қылып көрсетеді.

Адамдар сүйек және тезекпен истижмар (астын сүрту) жасауға болмайды. Себебі сүйек жындардың қорегі. Ал тезек олардың көліктерінің қорегі. Осы жағдай ескерілмей қалса, адам өзінің тарапынан жындарға зиян тигізген болып, нәтижесінде жын адамға жұғысуы мүмкін. Сол сияқты мал қораға, жердің жарықтарына, індерге дәрет сындырған адамға жын жұғысады. Өткен жылы бір ауылда жаңа босанып, келген келінге енесі «қарағым әжетхана тым алыс, мал  қораға барып, отыра сал» деп айтқан екен. Келіні барып мал қораға дәрет сындырғаны есінде, содан кейін есінен айырылған, яғни жын кіріп кеткен.

Адам аратұра намаз оқып, артынан арақ ішетін болса, немесе аузы арақтан құрғамайтын болса, ондай адамға жын жұғысады. Ерементау жақта жын кірген жігіттен сұрағанымызда, ол жігіт жұма күні мешітке намазға барып, сенбі күндері арақ ішетінін айтты. Қысқасы соңғы шөлмектің ішінде жын отырған.

Дәретсіз намаз оқыған адамға да жын жұғысады. Себебі дәретсіз намазға тұру дінді келеке қылу болып саналады. Сонымен қатар адамдар бақсы-бәлгерлерге  барғанда жынның жұғысу ықтималы мол. Сондай- ақ мазарларды аралап, әулиелердің басына  табынып, бірдеңе тілеп басына түнейтін болса жын жұғысады. Ел арасында, пәлен деген әулиенің басына түнеп келіп, мына кісіге қасиет қонды дегенді көп естиміз. Шын мәнінде қасиет қонған жоқ, ол адамға жын жұғысқан. Жынның құлағына сыбырлағанын елге айтып, өзі жынның тұзағына түсіп қалған адам ол.

Көбінде, өнер адамдары,  суретшілер біраз күндер бөлмесінен шықпай, жуынбай, шайынбай оңашаланғанда жындар келіп сыбырлап, кеңес береді. Мысалы: қызыл түсті бояуға адамның қанынын қостырады. Сондан әлгі салып жатқан суретке бейтаныс құбылыстар кіреді.

Сондықтан, қазақ бауырлар, жын-шайтанның азғыруынан алыс болып, олардың тұзағына түсіп қалудан сақтанайық!

Тәукен Айтбай      

 

SABR90KZSABR90KZ
9 жыл бұрын 13103
1 пікір
  • осыларды сондай жек коремін, ойларына не келсе соны істейді. мазаны ала бастағанда Құран оқып арең кетіремін. мені алдамақшы болады, неше түрлі айтып сыбырлайды, түнде біресе жылан, біресе әйелдер болып мазамды алады. түсімде де сол әйелдердің басынан басып тұрып Құран оқып жатып оянамын өз дауысымнан шошып
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
2293 11 34 11 15