Дәм тұзы таусылса, Баймен кедейде құтылмас ажалдан.Уақытымызды зая кетірмейік.
Дәм тұзы таусылса, Баймен кедейде құтылмас ажалдан.Уақытымызды зая кетірмейік.
Сүннет жұрты және жамағаты ғұламалары былай деген:
Екі түрлі өлім бар: Шұғыл өлім және рұқсатты өлім.
Өте тәкәппар бір патша мемлекетін аралауға бел буады. Қызметшілеріне «Киімдерімді әкеліңдер!» деп бұйырады. Әкелінген киімдердің бірін әрең таңдайды. «Маған ат дайындаңдар!» дейді. Әкелінген аттардың бірін әрең таңдайды. Содан кейін жанына қызметшілерін алып, халықтың арасына кіріп, аралауды бастайды. Атының үстінде тәкәппарлығынан халықпен сөйлесу, дерттерін тыңдау былай тұрсын, тіпті беттеріне де қарамайды.
Осы кезде нұрлы жүзді бір қарт кісі аттың алдына келіп, аттың тізгінінен ұстайды. Патша өте дөрекі түрде «Тізгінді ұстауға қалайша батылың жетті? Жібер тізгінді!» деп айқайға салады. Қарт кісі жергілікті еместігін және ерекше сыры бар екенін айтады. Патша «Ал, айт онда сырыңды!» дейді. Қарт «Бұл сырды тек сіз ғана естуіңіз керек, еңкейсеңіз құлағыңызға айтамын» деген кезінде патша иіліп құлағын тосады. Сонда әлгі қарт оған: «Мен Әзірейілмін, жаныңды алуға келдім» дейді. Патшаның бірден реңі бозарып, кекештеніп, «Қап, маған рұқсат бер, үйіме қайтып, бала-шағаммен соңғы бір рет көрісейін» деп жалбарынып сұраса да, Әзірейіл алейһиссалам оған «Жоқ! Саған бір сәтке де рұқсат берілмейді!» дейді де, рухын алады.
Содан соң бір ауылға барады, бір есікті қағады. Есікті ашқан жас бала «Қош келдіңіз» деп қарсы алады. Әзірейіл алейһиссалам «Әкеңізбен көрісуге келдім, кездесуім керек еді» дейді.
Жас бала іште Құран оқып жатқан әкесінің жанына барып: «Әкешім» деп шақырған сәтінде әкесі тоқтап, баласына қарайды. Баласы «Есік алдында бір қарт кісі күтіп тұр, сізбен көрісуге келіпті» дейді. Сонда әлгі кісі «Балам, мен онсыз да оны күтіп отырған едім, дереу кіргіз!» дейді. Қарт кісі ішке кіргенде әкесі оны танып, «Қош келдің! Дайын болып күтіп отырған едім, неге кешіктің?» деп сұрайды, сонда Әзірейіл алейһиссалам былай жауап береді:
- Әмірге бағынып қазір келдім. Раббым сені қатты жақсы көреді, рухынды қалай қаласаң, солай алуымды бұйырды.
- Қазір намазға тұрайын, рухымды соңғы рәкатта соңғы сәждеде ал! Раббымның алдына сәжде жасап жатқан күйімде баруды қалаймын, – дейді.
Сөйтіп әлгі кісі намазға тұрады және соңғы сәждеде сол күйінде қалады, қайтыс болып, тікелей жәннатқа аттанады. Бірі шұғыл түрде өлді, ал бірі рұқсатпен қайтыс болды. Бірі дүние адамы болса, екіншісі Аллаһтың досы!
SABR90KZSABR90KZ
9 жыл бұрын 6214
4 пікір
  • Уақыт бар дейміз үлгереміз намаз, амал істеуге, бірәқ осыны оқып терең ойға кетер екенсің көз алдыңа елестетіп.
    9 жыл бұрын
  • Денем тітіркеніп кетті, бірде марқұм енемнің айтқаны есіме түсіп кетті.
    Енемнің қайын атасы қатты ауырып бал-шағасы жиналып қоштаса бастайды сонда атамыз бөлмеде жатып төбеге қарап тұрып, Келді, әне келді, Әзірейіл келді деп айқалай беріпті, өлгім келмейді қуып жіберіңдерші деп айқайлай беріпті. Содан балалары қуған сияқты болыпты, біраздан соң ғана барып кетті, менің жанымды алған жоқ, кетті- депті. Содан сол атамызды мен де көрдім. Сол оқиғадан кейін 15 жылдай өмір сүрді.
    Осы оқиғаны есіткенде онша сенбеген едім, жас болған шығармын. Енді сеніп отырмын.
    9 жыл бұрын
    • Keneskizy..ondai jagdailar bolp turadi omirde...mumkin eskertu wigar...mendede bolgan..tusimbe өңімбе өзімде білмеймін..тас қараңғы уйықтап жатырмын..ол кезде 18 жасымда көзімді ашқандай алдымда есік бұрышында қара жамылған адам тұр қорыққаным сонша көрпені жамылып алдым сосын жанымда тұрган жиенімді оятсам оянбайды..сразу тұрып светті жақсам ешкм жоқ..иманым сол кездё кушейп кетеди екен намаз оқып қалдрмай
      9 жыл бұрын
  • Машалла! Ойлантарлық. Екінші кісі ақ өліммен өлген екен...
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
2293 11 34 11 15