: Алла тағала құранда: «Ей, Мұхаммед! Мүмін әйелдерге де айт: “(бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ, зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өздігінен көрінгендері басқа (беті, қол-аяқтары). Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін... Және де көрік- зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін...», - деп бұйырды. (Нұр сүресі, 31-аят)
: Аса Қамқор, ерекше Рақымды Алланың атымен бастаймын
Алла тағала құранда: «Ескерт! Өйткені ескерту мүміндерге пайда береді», - деген. (әз-Зарият сүресі, 55 - аят)
: Мұсылман шариғаты әйелдердің әуреттерін жаппай, ашық-шашық жүруіне тыйым салады. Ондай әйелдер Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заманында мүлде болмаған. Сондықтан олар жайлы уахи арқылы ғана біліп, олардың тозақтықтар екендігін ескертіп өткен.
: Соңғы кездері әлеуметтік желілердегі рияшылдық кең етек жайып барады. Әсіресе әйелдер қауымына қатысты. «Рияшылдық» – істеген ісін Алла үшін емес, ел-жұртқа көрсетіп, мақтаныш мақсатымен жасау. Мысалы әйел кісі хиджабпен түскен суретін әлеуметтік парақшасына жүктейді. Бұл жердегі мақсат жасампаздық. Өзін иманды етіп көрсету және жай ғана суретіне лайк жинау, «Ма ша Алла, қандай имандысың» немесе «Сұлусың, ақылдысың» деген сияқты сөздерді айттырту үшін ғана жасайды. Оған қоса жанында ашық-шашық суреті де тұрады немесе шариғатқа қайшы дүниелерді жасап әдепсіздік танытады.
: Әйел кісілердің бірде хиджабпен, бірде жалаңаш түскен суреттерін парақшаларына жүктеуі әлеуметтік желілердегі дертке айнала бастады. Иманға шақырып мұның дұрыс емес екендігін енді түсіндіре бастасыңыз бірбеткейлік танытып сөзіңізге құлақ аспайды.
: Ал мұндай суреттер өз кезегінде «Есьже, я приезжий» сияқты сайтани топтардың қармағына ілініп жатады. Мұсылмандардың осал тұсын іздеп отырған оларға керегі де осы. Дереу аладыдағы Ислам дінінің атына кір келтіреді. «Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді» демекші, жаппай мүмін қыздарды қаралай бастайды. «Мұсылмандардың бәрі осындай екіжүзді», «Істерін істеп алып хиджаб киіп жүргендерді көріп жүрміз ғой», «Күндіз хиджабта, түнде шешініп клубта жүреді», - деп бассалады. Ал жалаңаш жүрген иманы әлсіз қыздар «Қысқа кигеннің бәрі жеңілтек емес, ұзын кигеннің бәрі иманды келмес» деп сайтанның сөзін сөйлеп шыға келеді.
: Бір мұсылманды мақтай алмасаң, ең болмағанда жамандама! Пайдалы бола алмасаң, ең болмаса зияныңды тигізбе! Қуандыра алмасаң, ең болмағанда ренжітпе!
Рияшылдық ізгі амалдарды өшіреді, сондай-ақ оның сауабы да болмайды. Рияшылдық пен жасандылық Алланың разылығын алуға кедергі болатын дүниелер. Әйелдер қауымының ұятын ояту үшін, еркектер қауымынан бұл мақаланы көптеп таратуды сұраймыз.
Алла сіздерге ақыл-парасат және хидаят берсін. Айтылған сөздерге амал етуді нәсіп етсін. Алла елімізді тура жолынан адастырмасын!