Қытайда 3 жігіт Ислам дінін қабылдап, умра қажылыққа барамыз деген ниетпен жолға шығады. Жігіттердің арасында Исламды қабылдағанына 2-3 апта ғана болғандықтан, дін жайында білімдері аз болатын. Меккеге барғандарына қатты қуанады. Ислам дінінің ең таза, ең асыл екендеріне көз жеткізеді. Жаңадан Исламды қабылдаған бұл жігіттер өздерінің аттарын өзгертіп, мұсылманша есімдер таңдауды жөн көреді. Бұл жігіттердің арасындағы біреуі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың есімін ұнатып, өз есімін Мұхаммед деп өзгертеді. Бұл жігіттің иманы күшті болатын. Бір күні Мұхаммед діннен хабары бар ұстаздан:
«Ислам діні арақ және сол секілді нәселер жайлы не айтады?», деп сұрағанда, әйгілі ұстаз:
— Исламда арақ секілді мас ететін ішімдіктер харам делінген. Оны ішу харам, сату харам, тарату харам, – деген жауабын алады. Сонымен қатар басқада сауалдарына кеңінен жауап береді.
Сонда әлгі қытайлық Мұхаммед қонақүйге бара салысымен Қытайдағы інісіне телефон шалып:
— Арақ шығаратын зауытымызды бүгін жапқын! Бұл Алла Тағаланың әмірі. Жаратушыға бойұсынуымыз керек! – дейді.
Інісі:
– Зауытты бүгін жапсақ, қаншама миллиондардан айырылып, үлкен қарыздарға батамыз! — дегеніне ағасы Мұхаммед айтқанынан қайтпай жабуын тапсырып, «Бұл Жаратқанның әмірі! Сен өндірісті дереу тоқтат. Мен елге оралғанымда қарыз мәселесін өзім шешемін» — дейді. Сол күні інісі зауытты жауып тастайды.
Кейін олар Меккеден Мәдинаға барады да Пайғамбарымыздың мешітіндегі “Бұл жәннат орындарының бір орны” деген жерде таң намазын оқиды. Намаз оқылып бітсе де, Мұхаммед басын сәждеден алмай ұзақ еңкейіп отырады. Шаршауы басылмай ұйықтап қалды ма деп оның желке тұсына жолдастарының бірі қолын қоя бергенінде, Мұхаммедтің жансыз денесі құлап түседі. Дереу дәрігерлерді шақырып Мұхаммедті жақын арадағы ауруханаға алып барады. Дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтып, ауруханадағы мәйітханаға жібереді. Бір кезде аурухана алдына бір неше автокөлік келіп тоқтайды. Бұл көліктерге қарап жай адамдар емес екенін бірден аңғарылады. Дәрігерлер автокөліктен шыққан кісіге үлкен құрмет көрсетіп, күтіп алады. Ол кісі – Мәдина қаласының иман жүзді әрі әйгілі ғалымы екен. Әлгі кісі:
— Бүгін осында қытайлық бір кісінің мәйітін алып келді ме?- деп сұрайды.
— Иә, алып келді. Сіз оны қайдан танисыз? – деп сұрайды достары. Ол кісі:
— Кеше түсіме Алла Елшісі(с.ғ.у) кіріп, бір таңғажайып жағдай болды. Маған Алла Тағала: “Ертең осы жерде бір қытайлық үмметім жан тапсырады, оның жаназасын шығар» -дегенін естіп, ұйқыдан ояндым. Содан осында оның жаназасын шығаруға келдім» — деп жауап беріп, Алладан аманат деп жаназасын шығарған екен.